(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.04.12 № 2016 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 Қаулысы
(2011.10.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Республикалық бюджет қаражаты есебінен республика азаматтарын шетелге емделуге жіберудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 ақпандағы № 326 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 9-10, 117-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 ақпандағы № 326 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 қарашадағы № 1206 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 40, 409-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2011.10.09. № 1039 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 2016 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелдік медицина ұйымына емделуге жіберу тәртібін және шарттарын реттейді.
Редакция документа
Демо – версия документа