(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2012.28.04 № 165 ҚАУЛЫСЫ
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға және өзге жабдықтарға қойылатын талаптарды бекіту жөнінде
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 165 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 24 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге жабдықтарға қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулыны қолданысқа енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары 2012 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде өздерінің бағдарламалық техникалық қамтамасыз етуін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға және өзге жабдықтарға қойылатын талаптардың 4-тармағы 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін әрекет етеді.
Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Г. Марченко |
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 28 сәуірдегі № 165
қаулысымен бекітілген
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті
бағдарламалық-техникалық құралдарға және өзге жабдықтарға қойылатын
талаптар
Редакция документа
Демо – версия документа