(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.07.10 № 1036 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2012 жылғы 31 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 7 қазандағы
№ 1036 қаулысымен
бекітілген
«Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиялар беру»
мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиялар беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) мекенжайлары мен жұмыс істеу кестесі осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) және «Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары» мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында, осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес Орталықтың және уәкілетті органның үй-жайларында орналасқан стенділерде орналастырылады, сондай-ақ тегін телефон анықтамалық қызметімен ұсынылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруға лицензия беру немесе оны қағаз жеткізгіште беруден бас тарту болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - он жұмыс күнін;
орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін - отыз жұмыс күнін құрайды;
Редакция документа
Демо – версия документа