Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.07.10 № 1036 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Осы редакция 2012 жылғы 31 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 7 қазандағы

№ 1036 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Жобалау-іздестіру қызметіне лицензиялар беру»
мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты
 
1. Жалпы ережелер

 

1. «Жобалау-іздестіру қызметіне лицензиялар» беру мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) мекенжайлары мен жұмыс істеу кестесі осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) және «Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары» мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы көрсетіледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 33-бабы және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 32-бабы негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында, осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес Орталықтың және уәкілетті органның үй-жайларында орналасқан стендтерде, сондай-ақ тегін телефон анықтамалық қызметімен ұсынылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі жобалау-іздестіру қызметін жүзеге асыруға лицензия беру немесе оны қағаз жеткізгіштерде беруден бас тарту болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - он жұмыс күнін;

орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін - отыз жұмыс күнін құрайды;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку