«Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 313 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 313 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (В.В. Ярошенко):
1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынсын;
2) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Жұмағалиев |
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 6 маусымдағы
№ 313 бұйрығына қосымша
Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі бұйрықтарының
тізбесі
1) «Телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2004 жылғы 12 шілдедегі № 145-п бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3041 тіркелген);
Демо – версия документа