«Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті (Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 50 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы № 17 Қаулысымен күші жойылды
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2012 жылғы 30 наурыздағы № 50
қаулысымен бекітілген
«Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тұтынушы - жеке тұлға;
2) уәкілетті орган - қалалық және аудандық білім бөлімдері;
3) уәкілетті органның жауапты маманы - лауазымдық нұсқаулығына сәйкес оған міндеттер жүктелген қалалық, аудандық білім бөлімінің маманы;
4) уәкілетті органның басшысы - қалалық, аудандық білім бөлімінің бастығы.
2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
3. Мемлекеттік қызмет осы Регламенттің 1 - қосымшасына сәйкес уәкілетті органмен көрсетіледі.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
6. Мемлекеттік қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 115-125-баптары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 140 қаулысымен бекітілген «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты негізінде жүзеге асырылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа