Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Кәмелетке толмаған балаға тиесілі тұрғын үй кепілдігімен несие ресімдеу үшін банктерге рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет регламенті (Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 50 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы № 17 Қаулысымен күші жойылды

 

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2012 жылғы 30 наурыздағы № 50

қаулысымен бекітілген

 

 

«Кәмелетке толмаған балаға тиесілі тұрғын үй кепілдігімен несие ресімдеу үшін банктерге рұқсаттар беру»
мемлекеттік қызмет регламенті
 
 
1. Негізгі ұғымдар

 

1. Осы «Кәмелетке толмаған балаға тиесілі тұрғын үй кепілдігімен несие ресімдеу үшін банктерге рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) тұтынушы - жеке тұлға;

2) уәкілетті орган - қалалық және аудандық білім бөлімдері;

3) уәкілетті органның жауапты маманы - лауазымдық нұсқаулығына сәйкес оған міндеттер жүктелген қалалық, аудандық білім бөлімінің маманы;

4) уәкілетті органның басшысы - қалалық, аудандық білім бөлімінің бастығы;

5) ХҚКО - Халыққа қызмет көрсету орталығы;

6) ХҚКО инспекторы - тұтынушыдан өтінішті және құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері;

7) ХҚКО жинақтау бөлімінің инспекторы - құжаттарды жинақтап, уәкілетті органға жіберуді жүзеге асыратын Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері.

 

 

2. Жалпы ережелер

 

2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

3. Мемлекеттік қызмет осы Регламенттің 1, 2 - қосымшаларына сәйкес уәкілетті органмен, сондай-ақ баламалы негізде ХҚКО арқылы көрсетіледі.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку