«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды алдын ала келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 173 Қаулысы (күші жойылды)
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды алдын ала келісу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 173 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 234 Қаулысымен күші жойылды
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды алдын ала келісу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Г. Марченко |
Ұлттық Банкінің Басқармасының
2012 жылғы 28 сәуірдегі
№ 173 қаулысымен
бекітілген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтай құжаттарына
өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды алдын ала келісу
қағидалары
Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды алдын ала келісу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (бұдан әрі - сақтандыру ұйымдары) құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды алдын ала келісу тәртібін айқындайды.
Документ утратил силу
Демо – версия документа