(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.19.02 № 125 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 ақпандағы № 125 Қаулысы
(2007.19.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2012 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағын қоспағанда, 2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 19 ақпандағы
№ 125 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізбесінде:
реттік нөмірі 27-1-жолдың 3-бағанының екінші абзацы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 27-2-жолмен толықтырылсын:
«27-2. | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті | Ойын бизнесі саласындағы қызмет
». |
2008 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енеді
2. ҚР Үкіметінің 2007.19.07. № 610 Қаулысымен күші жойылды (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа