Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001 Ж. 10 ҚАРАШАДАҒЫ № 1433 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлігінiң кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 10 қарашадағы № 1433 қаулысы

(2011.21.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасында күзет қызметiн ретке келтiру мақсатында және «Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметiн бақылауды жүзеге асыру жөніндегі уәкiлеттi орган болып белгiленсiн.

ҚР Үкіметінің 2011.07.10. № 1151 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің мынадай мамандандырылған күзет бөлiмшелерi мемлекеттік мекемелерi:

1) ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерінің штат санының лимиті шегінде дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі;

2) 1-қосымшаға сәйкес мамандандырылған күзет қызметiнің Республикалық бас басқармасы, облыстық (қалалық) басқармалары, қалалық және аудандық бөлiмдерi (бөлiмшелерi) құрылсын;

2-2) ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерінің штат санының лимиті шегінде үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі.

3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Күзет» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - «Күзет» РМК) таратылсын және 2-қосымшаға сәйкес «Күзет» РМК-ның еншiлес кәсiпорындарын тарату туралы Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң ұсынысы қабылдансын.

4. ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1574 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) құрылатын мемлекеттік мекемелер туралы ережелердi бекiтсiн және олардың мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку