(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 8 АҚПАНДАҒЫ № 124 ҚАУЛЫСЫ
Парниктік газдарды атмосфераға шығаруды және озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну көздерін мемлекеттік есепке алу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 ақпандағы № 124 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 31 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдарды атмосфераға шығаруды және озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну көздерін мемлекеттік есепке алу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 8 ақпандағы
№ 124 қаулысымен
бекітілген
Парниктік газдарды атмосфераға шығару және озон қабатын бұзатын заттарды
тұтыну көздерін мемлекеттік есепке алу
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Парниктік газдарды атмосфераға шығару және озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну көздерін мемлекеттік есепке алу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес әзірленген.
2. Ереже парниктік газдарды атмосфераға шығару (парниктік газдардың жұтылуын қоспағанда) және озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну көздерін мемлекеттік есепке алудың тәртібін айқындайды.
3. Парниктік газдарды атмосфераға шығару және озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну көздерін мемлекеттік есепке алу жүйелі, мерзімді толықтырылатын және нақтыланатын мәліметтер жиынтығын білдіреді, ол Парниктік газдардың мемлекеттік кадастрына және Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрына қалыптастырылады.
4. Ереже парниктік газдарды атмосфераға шығару көздері бар заңды тұлғаларға, сондай-ақ озон қабатын бұзатын заттарды тұтынумен байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - табиғат пайдаланушылар) қолданылады.
Редакция документа
Демо – версия документа