(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2007.30.11 № 134 ҚАУЛЫСЫ
Екінші деңгейдегі банктердің сенімгерлік операцияларды және кастодиандық қызметті бухгалтерлік есепке алуды жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы № 134 Қаулысы
(2009.26.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 26 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын сенімгерлік операцияларды және кастодиандық қызметті бухгалтерлік есепке алуды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген екінші деңгейдегі банктердің сенімгерлік операцияларды және кастодиандық қызметті бухгалтерлік есепке алуды жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Бухгалтерлік есепке алу департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуге шаралар қабылдасын;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т.Ақышевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк Төрағасы |
А. Сәйденов |
Ұлттық Банкі Басқармасының
2007 жылғы 30 қарашадағы
№ 134 қаулысымен
бекітілген
Екінші деңгейдегі банктердің сенімгерлік операцияларды
және кастодиандық қызметті бухгалтерлік есепке алуды
жүргізуі жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа