(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2006.09.01. № 6 ҚАУЛЫСЫ
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы
зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 Қаулысы
(2010.03.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 29 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап Агенттік Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы № 68 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2818 тіркелген, "Заң газеті" № 175-176 газетінде 2005 жылғы 23 қыркүйекте жарияланған) күші жойылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
4. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті:
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Редакция документа
Демо – версия документа