Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 656 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 656 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің экология департаменттері - мемлекеттік мекемелері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен бөліну жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің экология департаменттері - мемлекеттік мекемелері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес қайта аталсын.

3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің - мемлекеттік мекемелерін аумақтық органдарының қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

4. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 желтоқсандағы № 1201 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 46, 554-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ережеде:

13-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

«7-1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;»;

22-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) Министрліктің кадр саясатында гендерлік теңдік қағидатын сақтауды қамтамасыз етеді;»;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мемлекеттік мекемелерінің аумақтық органдарының тізбесі осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку