(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2009.05.08 № 191 ҚАУЛЫСЫ
Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2009 жылғы 5 тамыздағы № 191 Қаулысы
(2011.31.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңына, «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңына және «Секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
4. Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап екі айлық мерзімде өздерінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
Редакция документа
Демо – версия документа