«Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығы (2014.22.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығы
(2014.22.12. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Инвестициялық саясат департаменті (Н.А. Аязбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізеді.
Министр | Б. Сағынтаев |
Экономикалық даму және сауда
министрлігінің 2012 жылғы
1 ақпандағы № 36 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінің кейбір бұйрықтарына
өзгерістер мен толықтырулар
1) ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014.22.12. № 157 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2014.30.06. № 187 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Демо – версия документа