(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ...20...
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2009 жылғы 5 тамыздағы № 181 Қаулысы
(2010.29.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 26 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына және 49-бабының 3-тармағына, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына, 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулық бекітілсін (бұдан әрі - Нұсқаулық).
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізілетін Нұсқаулықтың 15-тармағының 11) және 12) тармақшаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа