(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2002 Ж. 3 ШІЛДЕДЕГІ № 322-II ҚР ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы
2002 жылғы 4 шілдедегі № 336-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2011.05.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 13 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2005.08.07 № 76-III ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Осы Заң қаржы полициясы органдарының құқықтық мәртебесiн, мiндеттерiн, ұйымдастырылу және қызмет ету принциптерiн, өкiлеттiгiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының жүйесiн айқындайды.
2005.08.07 № 76-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
1-бап. Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары (бұдан әрi қаржы полициясы органдары) заңмен белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде жедел-iздестiру қызметiн, алдын ала тергеу және анықтау, әкiмшiлiк iс жүргiзу арқылы экономика мен қаржы қызметi, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделерiне қылмыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметiн жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдар болып табылады.
2-бап. Қаржы полициясы органдарының мiндеттерi
Қаржы полициясы органдарының мiндеттерi мыналар:
1) өкiлеттiгi шегiнде мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн, кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң, қоғам мен мемлекеттiң заңды құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету;
Редакция документа
Демо – версия документа