(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.06.04 № 375 ҚАУЛЫСЫ
Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 375 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 3-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесі және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшері бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1245 және № 1253 қаулыларының күшін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 тамыздағы № 1316 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбында және 1-тармақта:
«қаулыларының» деген сөз «қаулысының» деген сөзбен ауыстырылсын;
«және № 1253», «және «Қазақстан Республикасында биржалық қызметті дамыту жөніндегі шаралар туралы» № 1253» деген сөздер алынып тасталсын.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Орталық атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі
№ 375 қаулысымен бекітілген
Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесі және ұсынылатын п
артиялардың ең аз мөлшері
№ | Тауардың қысқаша атауы | КО СЭҚ ТН коды | Партияның ең аз мөлшері |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Жаңадан піскен және тоңазытылған картоп: өзгесі | 0701 90 900 0 | 60 тонна |
2. | Бидай және меслин: өзге де спельта, жұмсақ бидай және меслин: өзгелері** | 100190 990 0 | 600 тонна |
3. | Арпа: өзгесі** | 1003 00 900 0 | 600 тонна |
4. | Ұсатылған немесе ұсатылмаған соя бұршаққаптары: өзгелері | 1201 00 900 0 | 600 тонна |
5. | Ақ қант | 1701 99 100 | 60 тонна |
Редакция документа
Демо – версия документа