«Электр энергиясын энергия өндіруші білікті ұйымдардан сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 70 Қаулысы (2012.07.06. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Электр энергиясын энергия өндіруші білікті ұйымдардан сатып алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 70 Қаулысы
(2012.07.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 876 Қаулысымен күші жойылды
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясын энергия өндіруші білікті ұйымдардан сатып алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 16 қаңтардағы
№ 70 қаулысымен бекітілген
Электр энергиясын энергия өндіруші білікті ұйымдардан сатып алу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Электр энергиясын энергия өндіруші білікті ұйымдардан сатып алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және Өңірлік электр желілері компанияларының және (немесе) жүйелік оператордың электр энергиясының нормативтік шығасыларын жабу үшін энергия өндіруші білікті ұйымдардан электр энергиясын сатып алу тәртібін белгілейді.
Документ утратил силу
Демо – версия документа