Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.30.12 № 2301 ҚАУЛЫСЫ

Медициналық және фармацевтикалық қызметтің біліктілік талаптары мен лицензиялау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2301 Қаулысы

 

Осы редакция 2011 жылғы 5 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне және «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары;

2) фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары;

3) Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау ережесі бекітілсін.

2. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515 құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген, лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне, лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тізбесінде:

реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі»;

3-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Алматы қаласының аумағында жүзеге асырылатын қызметтен басқа, медициналық қызметтің мынадай кіші түрлері:

санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызмет: халықты гигиеналық оқыту, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен қызметтердің түрлерін шығару, қайта шығару және өткізу;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку