Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002.05.04 № 407 ҚАУЛЫСЫ

«Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 Қаулысы

(2009.13.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 1 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 2009.13.10. № 1589 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған:

1) Мемлекеттік органдардың күзет бөлiмшелерi және ведомстволық күзет бөлiмшелерi пайдаланатын арнаулы қорғау құралдары мен арнаулы техникалық құралдардың тiзбесi;

2) Күзетшi мен жеке күзетшi құжаттарының нысандары мен үлгiлерi;

3) күзетшіні мамандандырылған оқу орталықтарында (күзетшіні арнайы оқыту курсында) арнайы даярлау мазмұны, бағдарламасы және біліктілік талаптары.

2. Жеке күзетшiлердi, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелеріндегі, мемлекеттік органдардың күзет бөлiмшелеріндегі күзетшi лауазымындағы қызметкерлердi даярлауды және қайта даярлауды (арнайы оқу курсы) жүзеге асыратын мамандандырылған оқу орталықтарының бiрi ретiнде Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң оқу орталықтары белгiленсiн.

ҚР Үкіметінің 2009.13.10. № 1589 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда  (бұр.ред.қара)

3. Жеке күзет ұйымының, жеке кәсіпкер мен заңды тұлғаның күзет бөлімшесінің, мемлекеттік органның ведомстволық күзет бөлімшесінің қызметкерлері санының мынадай нормативтері:

1) стационарлық объектілерді күзету кезінде:

бір тәуліктік күзет постына 4,5 күзетшісі аспайтын штат бірліктен;

он екі сағаттық бір күзет постына 2,25-тен аспайтын штат күзет бірлігі;

сегіз сағаттық бір күзет постына 1,5-тен аспайтын штат күзет бірлігі;

күзетілетін объектілерден түсетін шақыруларға қызмет көрсететін жеке күзет ұйымының бір тәуліктік ұтқыр тобына (жедел ден қою тобына) 13,5-тен аспайтын штат күзет бірлігі;

2) магистральдық құбырларды күзету кезінде:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку