«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 214 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 647 бұйрығы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 214 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 647 бұйрығы
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 72 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 214 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6265 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесінде:
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері оларға жүктелген функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес айқындалады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі - бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және бюджеттік бағдарламалар нәтижелеріне жетуге жауапты мемлекеттік орган.
Бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісінің құзыретіне жатқызылмайтын экономиканың әртүрлі салаларында жобалардың іске асырылуын көздейтін ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтердің жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру жоспарланатын бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әрекет етеді.»;
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«50. Бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі әзірлейді және ол мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының құрамында бекітіледі.
Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жоспарлы кезеңге арналған бюджет қаражатын жоспарлау көлемі, нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштері бар бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен тиісті жергілікті атқарушы органдар бекітеді.»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа