Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1503 Қаулысы (күші жойылды)

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1503 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 6 тамыздағы № 799 Қаулысымен күші жойылды

 

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 15-1-бабының 3-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 8 желтоқсандағы

№ 1503 қаулысымен

бекітілген

 

 

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 15-1-бабы 3-1-тармағына сәйкес әзірленді және халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚО) арқылы көрсету үшін мемлекеттік қызметтерді іріктеу тәртібін айқындайды.

2. ХҚО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын ұлғайту мемлекеттік қызметтердің сапасын және оған қол жетімділікті арттыру мақсатында жүзеге асырылады.

3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) әлеуметтік маңызы бар қызмет - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік қызмет;

2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган - ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку