Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 1437 Қаулысы (2013.20.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 1437 Қаулысы

(2013.20.12. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 762 Қаулысымен күші жойылды

 

«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 10-1-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру қағидалары бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2011 жылғы 2 желтоқсандағы

№ 1437 қаулысымен бекітілген

 

 

Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру

қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының (бұдан әрi - Заң) 10-1-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзiрленген және конкурстық іс жүргізу мен оңалту рәсімі кезінде кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн (бұдан әрi - Тiзiлiм) қалыптастыру тәртiбiн анықтайды.

 

2. Конкурстық iс жүргiзу кезiнде Тiзiлiмдi қалыптастыру тәртібі

 

2. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және олардың мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында банкроттық рәсiмiнде конкурстық басқарушы Тiзiлiмді қалыптастырады.

3. Тізілімді қалыптастыру үшін конкурстық басқарушы өзі тағайындалған күннен бастап он күннен аспайтын мерзiмде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерінде борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы хабарландыруды жариялайды.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции