(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2009.26.10 № 215 ҚАУЛЫСЫ
Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған
пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 215 қаулысы
(2010.29.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 30 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 11), 15) тармақшаларына, 45-бабының 4- тармағына, 49-бабына және «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына, 9-бабының 1-тармағының 5), 6) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.29.11. № 174 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ереженің 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 11-тармағының 11), 12) тармақшаларын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ережесінің 11-тармағының 3) тармақшасының төртінші абзацының қолданысы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін таралады.
3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
4. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сарсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеу шараларын қолға алсын;
Редакция документа
Демо – версия документа