Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жекелеген мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 желтоқсандағы № 1447 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жекелеген мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 желтоқсандағы № 1447 Қаулысы

 

Ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру және басқару жүйесін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын.

2. «Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің 4-бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті Приозерск қаласының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:

12-тармақтың 9), 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«9) криминалдық, әкімшілік полицияның және ішкі істер, Ішкі әскерлер органдарының, әскери-тергеу органдарының, әскери полицияның, Министрліктің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің өзге де қызметтерінің және көліктегі ішкі істер органдары бөліністерінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

10) криминалдық, әкімшілік полицияның және полицияның өзге қызметтерінің, сондай-ақ Ішкі әскерлердің, әскери полицияның және әскери-тергеу органдарының, Министрліктің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің, көліктегі ішкі істер органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды;»;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 131-1-жолмен толықтырылсын:

«Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті Приозерск қаласының ішкі істер бөлімі.»;

реттік нөмірлері 245, 246, 247, 248, 249, 250, 251, 252, 253, 254, 255, 256-жолдар алып тасталсын.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку