Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ 2011.20.05 № 310 ...

Медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 310 Бұйрығы

 

Осы редакция 2011 жылғы 16 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысының 4-тармағының 4-тармақшасына сәйкес және медицина қызметкерлерінің қол жеткен нәтижелерінің жұмысы үшін көтермелеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Бекітілсін:

1) Медициналық көмек көрсету көлемі мен сапасына байланысты Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидасы осы Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, бюджет және ақылы медициналық қызмет қаражатын үнемдеу есебінен халыққа медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында;

2) Медициналық көмек көрсету көлемі мен сапасына байланысты Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидасы осы Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының тарифіне қосымша компонентке республикалық бюджеттен қаржы бөлу есебінен бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарында бекітілсін.

2. «Медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы министрінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 249 бұйрығының күші жойылсын (Әділет министрлігінде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6176 болып тіркелген; Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2010 жылғы № 14).

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіиің Стратегиялық даму департаменті (Б.Т. Төкежанов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку