Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.12 № 2131 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 Қаулысы

 

Осы редакция 2011 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі (бұдан әрі - мемлекеттік норматив) бекітілсін.

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдері:

1) 2010 жылғы 1 наурызға дейін жұмыс істеп тұрған денсаулық сақтау ұйымдары желісінің номенклатурасын осы мемлекеттік нормативке сәйкес келтірсін;

2) 2010 жылғы 15 наурызға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне осы қаулының іске асырылуы жөнінде ақпарат берілуін қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2010 жылғы 15 сәуірге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне орындалған іс-шаралар туралы жиынтық ақпарат берсін.

4. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 сәуірдегі № 494 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 18, 163-құжат) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 2131 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің

мемлекеттік нормативі

 

1. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:

1) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку