«Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 тамыздағы № 909 Қаулысы (2018.21.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 тамыздағы № 909 Қаулысы
(2018.21.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 20 қарашадағы № 971 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2018.21.02. № 70 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының 17-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасы бекітілсін.
2. ҚР Үкіметінің 2012.09.11. № 1421 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. Осы қаулы 2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 4 тамыздағы
№ 909 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасы
1. Осы Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-1-бабына сәйкес әзірленді.
2. Ұлттық компания Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ұлттық компаниялар тізбесіне енген жағдайда ғана ол күзет ұйымын құруға құқылы.
3. Ұлттық компаниялардың күзет ұйымын құруына мынадай шарттарды сақтаған жағдайда:
1) күзет ұйымы күзет қызметінен өзге қызметті жүзеге асыратын ұлттық компанияның еншілес ұйымы болып табылса;
2) күзет ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары) құрылатын ұйымның күзет қызметтері көрсетілетін ұлттық компанияның құрылтайшылары не ұлттық компанияның лауазымды тұлғалары болып табылса;
Документ утратил силу
Демо – версия документа