Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Арнайы қаржы компаниясының және ислам арнайы қаржы компаниясының жылдық қаржылық есептілігінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 44 Қаулысы (2012.24.02. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Арнайы қаржы компаниясының және ислам арнайы қаржы компаниясының жылдық қаржылық  есептілігінің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 44 Қаулысы

(2012.24.02. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 271 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі және «Секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және арнайы қаржы компанияларының және ислам арнайы қаржы компанияларының қаржылық есептілікті жасау тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Арнайы қаржы компаниясының және ислам арнайы қаржы компаниясының өз қаражаты бойынша жылдық қаржылық есептілігінің мынадай нысандары бекітілсін:

1) № 1 нысан - бухгалтерлік баланс (осы қаулыға 1-қосымша);

2) № 2 нысан - пайдалар мен зияндар туралы есеп (осы қаулыға 2-қосымша);

3) № 3 нысан - ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (жанама әдіс) (осы қаулыға 3-қосымша);

4) № 4 нысан - капиталдағы өзгерістер туралы есеп (осы қаулыға 4-қосымша).

Түсіндірме жазбаны арнайы қаржы компаниясы және ислам арнайы қаржы компаниясы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасайды.

2. Арнайы қаржы компаниясы өз қаражаты бойынша жылдық қаржылық есептілікке қосымша № 5 нысанды - бөлінген активтер мен облигациялар бойынша бухгалтерлік балансты (осы қаулыға 5-қосымша) ұсынады.

3. Ислам арнайы қаржы компаниясы өз қаражаты бойынша жылдық қаржылық есептілікке қосымша:

№ 6 нысанды - бөлінген активтер бойынша бухгалтерлік балансты (осы қаулыға 6-қосымша);

№ 7 нысанды - бөлінген активтер бойынша пайдалар мен зияндар туралы есепті (осы қаулыға 7-қосымша) ұсынады.

4. Арнайы қаржы компаниясы және ислам арнайы қаржы компаниясы жылдық қаржылық есептілікті есепті жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшін жасайды.

5. Осы қаулы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции