(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 17 ШІЛДЕДЕГІ № 602 ҚАУЛЫСЫ
Сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 602 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 27 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қоса беріліп отырған Сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын жүзеге асыру ережесі;
2) қоса беріліп отырған сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың (бұдан әрі - мамандандырылған ұйымдар) тізбесі;
3) сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын жүзеге асыру үшін сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімі құнының 3 (үш) пайызы мөлшерінде мамандандырылған ұйымдарға төленетін комиссиялық сыйақы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі
602 қаулысымен
Бекітілген
Сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын жүзеге асыру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өнімін (бұдан әрі - ауыл шаруашылығы өнімі) сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.
2. Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мамандандырылған ұйымдар (бұдан әрі - мамандандырылған ұйымдар) ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жүргізуді жүзеге асырады.
Редакция документа
Демо – версия документа