(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ 2009.02.11 № 633 ...
Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 633 Бұйрығы
Осы редакция 2011 жылғы 1 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 46-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. «Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 25 қыркүйектегі № 433 бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4425 тіркелген, «Заң газетінде» 2006 жылғы 2 қарашада № 192 (998) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Ж. Досқалиев |
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 2 қарашадағы
№ 633 бұйрығымен бекітілген
Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) медициналық ұйымдарда азаматтарға консультациялық - диагностикалық көмек көрсету тәртібін анықтайды.
Редакция документа
Демо – версия документа