(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.29.10 № 1710 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2011 жылғы 4 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы
№ 1710 қаулысымен бекітілген
«Жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде өзен кемелерін мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет көрсету
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде өзен кемелерін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде өзен кемелерін мемлекеттік тіркеу қызметін көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін белгілейді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының, «Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысының (бұдан әрі — Ереже), сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - тіркеуші орган) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы балама негізде осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны шетел кемесіне Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзу құқығын уақытша ұсыну туралы куәлік беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі — тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
тіркеуші органға өтініш білдірген кезде;
Редакция документа
Демо – версия документа