(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.05.12 № 1164 ҚАУЛЫСЫ
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары
туралы меморандумды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы № 1164 Қаулысы
(2010.14.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2011 жылғы 2 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1164 қаулысымен
бекітілген
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы
меморандум
1. Жалпы ережелер
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер ету факторларынан сақтандыру үшін құрылған ұлттық басқарушы холдинг болып табылады.
Қор қызметінің негізгі мақсаты әлемдік нарықтарда олардың ұзақ мерзімді құндылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың (бұдан әрі - компаниялар) өзіне меншік құқығындағы тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару болып табылады.
2. Қор қызметінің негізгі қағидаттары
Редакция документа
Демо – версия документа