(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2006.09.01. № 15 ҚАУЛЫСЫ
Банк холдингінің, сондай-ақ банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (банк сатып алған немесе артықшылық берілгендерін алып тастағандағы) акцияларының жиырма бес процентінен астамына тікелей немесе жанама
ие банктің ірі қатысушысының - жеке тұлғаның банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шаралары туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2006 жылғы 9 қаңтардағы № 15 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 31 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Банк холдингінің, сондай-ақ банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (банк сатып алған немесе артықшылық берілгендерін алып тастағандағы) акцияларының жиырма бес процентінен астамына тікелей немесе жанама ие банктің ірі қатысушысының - жеке тұлғаның банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шаралары туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап Агенттік Басқармасының «Банк холдингінің банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шаралар туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде» 2005 жылы 27 тамыздағы № 309 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3850 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Редакция документа
Демо – версия документа