«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 ақпандағы № 106 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 ақпандағы № 106 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 224 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 12, 111-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2006 жылғы 4 сәуірдегі
№ 237 қаулысымен
бекітілген
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 135-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы облыс мәслихатының шешімімен бекітілген қаражат есебінен және шегінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі - су пайдаланушы) суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын жергілікті бюджеттен субсидиялау тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) су беруші - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беруді жүзеге асыратын және су шаруашылығы жүйелерінің қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
Документ утратил силу
Демо – версия документа