(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.04.12. № 1164 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 желтоқсандағы № 1164 Қаулысы
(2010.20.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Yкіметінің
2006 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1164 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы № 1298 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесі туралы ережеде:
14-тармақта:
алтыншы және жиырма екінші абзацтарда «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет», «Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің» деген сөздер «өртке қарсы қызмет органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзацта «Төтенше жағдайларды мемлекеттік қадағалау техникалық және тау-кен қадағалау» деген сөздер «төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
Редакция документа
Демо – версия документа