Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 1125 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

 

Қаулы етемін:

1. «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2010 жылғы желтоқсанның 23-і.

 

№ 1125

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

2010 жылғы 23 желтоқсандағы

 № 1125  Жарлығына  қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы

№ 954 Жарлығымен бекітілген

 

 

Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың,

астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы

 бағалау жүйесi

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалаудың осы жүйесi (бұдан әрi - Жүйе) орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi - бағаланушы мемлекеттік органдар) қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында әзiрлендi.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку