(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 30 НАУРЫЗДАҒЫ № 6...
Жинақтаушы зейнетақы қорына және ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына шектеулі ықпал
ету шараларын қолдану Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2007 жылғы 30 наурыздағы № 67 Қаулысы
(2010.15.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұсынылып отырған Жинақтаушы зейнетақы қорына және Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Хаджиева М.Ж.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне және бағалы қағаздар рыногы субъектілеріне мәлімет үшін жіберсін.
4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.
Төраға | А. Дунаев |
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі
Басқармасының 2007 жылғы
30 наурыздағы № 67
қаулысына қосымша
Редакция документа
Демо – версия документа