Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.06.02 № 119 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесін құрудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 ақпандағы № 119 Қаулысы

 

Осы редакция 2010 жылғы 29 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Жайық өзені атырауы сулы-батпақты жерлерінің және Каспий теңізінің іргелес жағалауының бірегей биологиялық әртүрлілігін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Атырау қаласы мен Атырау облысы Махамбет ауданының аумағында жалпы алаңы 111500 га Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.

2. Атырау қаласы мен Атырау облысы Махамбет ауданының аумағындағы жалпы алаңы 83367 га жер учаскелері мынадай:

17522 га - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер;

57216 га - су қоры жерлері;

8629 га - өнеркәсіп, көлік, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлер санатындағы жерлерден алынсын.

3. Осы қаулының 2-тармағында көрсетілген жер учаскелері және Атырау қаласы мен Атырау облысы Махамбет ауданының аумағындағы жалпы алаңы 28133 га босалқы жерлер Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалануға мекемеге берілсін.

Көрсетілген жер учаскелері ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, босалқы жерлер, су қоры жерлері және өнеркәсіп, көлік, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің санатына ауыстырылсын.

4. Атырау облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мекеме жерлерінің төңірегінде күзет аймағын белгілеп, осы аймақ шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге кері әсер ететін кез келген қызметке тыйым салсын және (немесе) шектеу қойсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку