«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 ақпандағы № 119 және 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 шілдедегі № 763 Қаулысы (2015.04.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 ақпандағы № 119 және 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 шілдедегі № 763 Қаулысы
(2015.04.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесін құрудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 ақпандағы № 119 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-і 2009 ж., № 9, 46-құжат):
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «83367» деген цифрлар «12602» деген цифрлармен ауыстырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«12602 га - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатындағы жерлерден алынсын;»;
үшінші, төртінші абзацтар алып тасталсын;
3-тармақта:
бірінші бөліктегі «28133» деген цифрлар «98898» деген цифрлармен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «, су қоры жерлері және өнеркәсіп, көлік, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлер» деген сөздер алып тасталсын;
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2) ҚР Үкіметінің 2015.04.09. № 745 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Демо – версия документа