«Кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 463 бұйрығы (2016.18.03. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 463 бұйрығы
(2016.18.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 994 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кеден ісін жетілдіру мәселесі бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің облыстар, Астана, Алматы қалалары бойынша Кедендік бақылау департаменттері және кедендерінің бастықтары;
1) кеден ісін жетілдіру мәселесі бойынша консультативтік кеңестер құрсын;
2) кеден ісін жетілдіру мәселесі бойынша консультативтік кеңестер туралы ережені бекітсін;
3) тұрақты негізде консультативтік кеңестердің отырыстарында көтерілген проблемалық мәселелерді жинақтауды және қорытындылауды, кеден ісін жетілдіру мәселесі бойынша әзірленген ұсыныстарды жүйелеуді және заң шығармашылық қызметте пайдалану үшін тиісті ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4) осы бұйрықты іске асыру жөніндегі өзге шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (Қ-К. Кәрбозов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасына жүктелсін.
5. Осы бұйрық ол ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаржы министрі | Б. Жәмішев |
Қаржы министрінің
2010 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 463 бұйрығымен бекітілді
Кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік
ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрінің 2016.18.03. № 139 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Документ утратил силу
Демо – версия документа