«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есептілікті беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 128 қаулысы (2014.24.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есептілікті беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 128 Қаулысы
(2014.24.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 81 Қаулысымен күші жойылды
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есептілікті беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4. Стратегия және талдау департаментi (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сарсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне және «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
5. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А.Түсіпов) Ереженің мына қосымшалары бойынша «Сақтандыру қадағалау» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін жетілдіруді қамтамасыз етсін:
Документ утратил силу
Демо – версия документа