(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.11.03 № 230 ҚАУЛЫСЫ
«Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 230 Қаулысы
(2009.20.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 25 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы қаулыға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 қаңтардағы № 21 Қаулысын қара (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 11 наурыздағы
№ 230 қаулысымен
Бекітілген
«Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»
техникалық регламенті
1. Қолдану саласы
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
1. «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - техникалық регламент) Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және сүт және сүт өнімдерінің (бұдан әрі - сүт және сүт өнімдері) қауіпсіздігіне қойылатын ең аз қажетті талаптарды белгілейді.
Редакция документа
Демо – версия документа