(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.27.04 № 586 ҚАУЛЫСЫ
Орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 586 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 13 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 27 сәуірдегі
№ 586 қаулысымен
бекітілген
Орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесі
1. Осы Орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөнінде ақылы қызмет түрлерін көрсетуді регламенттейді.
Осы Ереженің әрекеті өздерінің қызметін орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында жүзеге асыратын республикалық және де коммуналдық меншіктегі мемлекеттік мекемелерге қолданылады.
Редакция документа
Демо – версия документа