Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 27 мамырдағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 21 шілдедегі № 104-ө өкімі

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 27 мамырдағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 21 шілдедегі № 104-ө өкімі

 

1. Қоса беріліп отырған «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 27 мамырдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі:

1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

3. «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 37-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген өкіммен бекітілген «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесінде:

реттік нөмірлері 1, 2 және 6-жолдар алынып тасталсын.

 

 

Премьер-Министр 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2010 жылғы 21 шілдедегі

104-ө өкімімен

бекітілген

 

 

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 27 мамырдағы Заңын іске асыру

мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің

тізбесі

 

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку