Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі біліктілік комиссиясы қызметінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 125 Бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі біліктілік комиссиясы қызметінің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 125 Бұйрығы

 

ҚР Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 117 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі біліктілік комиссиясы қызметінің ережесі бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Әділет вице-министріне жүктелсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр 

P. Түсіпбеков

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2010 жылғы 20 сәуірдегі

№ 125 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сарапшысы

біліктілігін беру жөніндегі біліктілік комиссиясы қызметінің

ережесі

 

1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) қызметінің бірыңғай ережесін белгілейді.

2. Комиссияның құрамы мүшелерінің тақ санынан тұрады (5 адамнан кем емес) және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органы басшысының ұсынысы бойынша міндеттері бөліне отырып үш жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітіледі. Комиссияның құрамына өзгерістер оның уәкілеттілігі мерзімі кезінде сол тәртіпке сәйкес енгізіледі.

3. Комиссия құрамына:

Комиссия төрағасы - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі;

Комиссия төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптамасы органының басшысы;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку