Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 24 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1278 ...

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1278 Қаулысы

 

Осы редакция 2010 жылғы 20 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1105 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 38, 514-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2-тармақ алынып тасталсын;

2) «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1107 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 39, 518-құжат):

3-тармақтың 1), 2) тармақшалары алынып тасталсын;

4-тармақ алынып тасталсын.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1106 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 39, 517-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1108 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 39, 519-құжат).

3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку