(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ЖӘНЕ ҚАРЖЫ... 21.08.04 Ж. № 259 ...
Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза
активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi
құнын және акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып
алу бағасын есепке алу және айқындау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы № 259 қаулысы
(2008.29.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 29 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы қаулыға енгізілетін өзгерістерді қара:
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 188 Қаулысы (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
"Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы қаулы етемін:
1. Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.
3. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" Заңды тұлғалардың бiрлестiгiне, "Активтердi басқарушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалардың бiрлестiгiне, инвестициялық портфельдi басқарушыларға жiберсiн.
Редакция документа
Демо – версия документа